|
08.02.2018 | 09:40
7122

Алматылық студенттер Елбасының «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазымен кездесті

Алматылық студенттер Елбасының «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазымен кездесті

Алматылық студенттер Елбасының «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазымен кездесті. Медицина саласында талай жылдан бері еңбек етіп жүрген Алмат Қодасбаев қызметтегі тәжірибесімен бөлісті. Алғашқы еңбек жолын 1997- жылы бастаған ол, қазір қалалық кардиология орталығын басқарып отыр. Басқосуға медицина саласында білім алып жүрген барлық жастар шақырылған.

«Оларға жаңа үлгі беру, жаңа бағыт-бағдар беру, әлі де өзінің дәрігерлік мамандығының алғашқы сатыларында жүрген жастарға бұл үлкен өнегелі іс деп есептеймін. Себебі, жаңадан дәрігер болып бастаған мамандарға өзінің ісін жалғастыруға, өзінің дәрігерлік мамандығына нық сеніммен қадам басуына бұл кездесудің мәні өте зор», - деді ¤ Алматы қаласы кардиология орталығының директоры Алмат ҚОДАСБАЕВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир