Елбасы Солтүстік Кореяны жойқын қарудан бас тартуға үндеді

Елбасы Солтүстік Кореяны жойқын қарудан бас тартуға үндеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Америка құрама штаттарына ресми сапарын қорытындылады. Сапар кестесіндегі соңғы маңызды шара Ұлттар ұйымының қауіпсіздік кеңесіндегі келелі жиын болды. Елбасы ядролық арсеналын кеңейтіп отырған елдерді жазаға тартатын арнайы қарар құруды ұсынды. Сонымен қатар, Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Қазақ Президенті Солтүстік Кореяны жойқын қарудан бас тартуға үндеді, әрі "Жаппай жою қаруларын таратпау: сенім амалдары» тақырыбын жан-жақты көтерді. Өйткені, еліміз өз уақытында әлемде 4-ші орын алатын ядролық арсеналынан бас тартып, Семейдегі полигонын жапқаны мәлім. Айта кетейік, Биыл Қазақстан - Қауіпсіздік кеңесінің уақытша төрағасы.

«Қазақстанның БҰҰ ҚК-дегі қызметінің бірінші жылы өтті. Біз Кеңестің күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді шешуге қатысты барынша белсенді, конструктивті және әділ болуға тырыстық. Ауғанстан, Талибан, ИГИЛ, «Әл-Каида» және Сомали, Эритрея жөніндегі комитеттерді басқара отырып, олардың жемісті қызмет етуіне өз үлесімізді қосып келеміз. Кеңестің барлық мүше мемлекеттеріне берік ынтымақтастығы үшін ризашылығымды білдіремін»,-деді Қазақстан Республикасының президенті, Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

Нұрсұлтан Назарбаев ядролық мәселені шешу үшін Солтүстік Кореяға бейтарап алаң ұсынуға дайын екендігін жеткізді. Келіссөз алаңына Қытай, Ресей жәнен АҚШ шақырылуы мүмкін. Жиыннан соң Елбасы Біріккен ұлттар ұйымының бас хатшысы Антониу Гуттеришпен кездесіп, Қауіпсіздік Кеңесіндегі төрағалығымен байланысты өзекті мәселелерді ортаға салды. Ал АҚШ президенті Дональд Трамп Елбасыға Донбас мәселесі бойынша келіссөзді Минсктен басқа елге ауыстыруды сұрапты. Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, «Минск-1» келіссөзінде мемлекет басшыларының пікірлері бір жерден шықпағандықтан, мәселені шешу үшін өзге алаң таңдауды ұсынған. Бұл келіссөздер әу баста Қазақстанда өту керек болған екен. Осы мақсатта Президент бірнеше кездесу де ұйымдастырыпты. Мәселе алдағы уақытта шешімін табады. 

Новости партнеров