Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы педагогтар арасында кеңінен талқыланды

Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы педагогтар арасында кеңінен талқыланды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы педагогтар арасында кеңінен түсіндірілді. Алматыдағы мемлекеттік политехникалық колледждің мамандары мен студенттеріне білім және ғылым министрлігінің өкілі жолдауды жан-жақты талқыға салды. Жолдауда айтылған адами капитал сапасын жақсарту үшін ұстаздардың орны ерекше екені ескерілді. Сонымен қатар, ІТ-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға, ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу керектігі де айтылды.

«Әлеуметтік кәсіпкерлікке көңіл бөлу, яғни мемлекеттік-жеке меншік аясында «Балапан» бағдарламасы жүзеге асуда. Кәсіптік мамандықтарды арттыруға байланысты сұрақтарды талқыладық. Техникалық мамандарды оқытатын кадрларды дайындау керектігін түсіндірдік»,- деді ҚР Білім және ғылым министрлігі комитет төрағасының орынбасары, Ләззат БӨЛЕБАЕВА.  

«Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы іске асырылып, тегін оқытумен ең әуелі жұмыссыз және өзін-өзі тиімсіз жұмыспен қамтыған жастар, сондай-ақ кәсіптік білімі жоқ ересек адамдарды қамту жоспарлануда. Қазір колледжге тегін кәсіптік білім беру үшін 350 грант бөлінеді деп күтіліп отыр.

Новости партнеров