Елімізде бала туғанда берілетін жәрдемақы мен зейнетақы мөлшері өседі

Елімізде бала туғанда берілетін жәрдемақы мен зейнетақы мөлшері өседі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «зейнетақы мен бала туғанда берілетін жәрдемақыны өсіруді қарастыратын» заңға қол қойды. Маңызды құжатқа сәйкес, алдағы шілде айының бірінен бастап мемлекеттен берілетін төлемдердің көлемі 20 пайызға өспек. Мәселен, бұрын елімізде ең төменгі зейнетақы мөлшері 37 мың 789 теңге болса, 1 шілдеден бастап оның көлемі 45 мың 711 теңгеге жетеді. Сондай-ақ осы жылы  2 миллионға жуық зейнеткердің зейнетақысын арттыру мақсатында республикалық бюджеттен қосымша 79,8 миллиард теңге бөліну жоспарланып отыр. Одан бөлек, бала туғанда берілетін бір реттік төлем көлемі де айтарлықтай ұлғайған. Мысалы, бұрын бірінші, екінші және үшінші бала дүниеге келгенде мемлекеттен  66 мың 621 теңге берілетін. Ал, биылдан бастап оларға 86 мың 222 теңге төленеді. Егер төртінші бала дүниеге келсе, онда ол отбасыға 142 мың 947 теңге көлемінде жәрдемақы табысталады.


Новости партнеров