Көптеген қалалардағы өзекті мәселелердің бірі - бұралқы жануарлар болып тұр. Жыл өткен сайын далада қалған жануарлардың саны артуда. Ал далада туылатындардың саны одан да көп. Өкінішке орай, олардың басым бөлігі жануарларды ұстайтындардың ілмегінде, енді біреулері аула үшін төбелес барысында өліп қалады.
Күші мен энергиясын, өз қаражатын жұмсайтын қоғамдық мекемелер мен еріктілер олардың жанын сақтап қалуға тырысуда. Қазіргі таңда қаңғыбас иттер мен мысықтардың санын бақылаудың бірден бір жолы – пішу болып тұр. Осындай бастаманы Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі мен олардың #МЕЙІРІМДІ_ҚАЛА_ ЖОБАСЫ көтерді.
2017 жылдың қараша айына дейін сіз өзіңіздің жануарыңызды ТЕГІН піше аласыз. Толық ақпаратты біз жасаған роликтен көріңіздер!
Үй жануарларының алдындағы біздің парызымыз – олардың әлсіздігін пайдаланып зиян келтірмей, керісінше барынша мейірім танытып, қамқорлық көрсетуіміз керек.
Түсірілімге көмектескендері үшін Алматы Ветеринарлық Медицина Орталығына және барлық жануарлар мен олардың қожайындарына алғыс білдіреміз!