Елімізде кәсіпкерлердің бастамасы жедел түрде қаралмақ

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қала кәсіпкерлерінің қарқыны қарымды. Енді бизнесмендердің бастамасы жедел түрде қаралады. Ол үшін даму қоры онлайн-супермаркет ашпақ. Жаңа порталда бизнес өкілдері бас қатырған барлық мәселенің шешімін таба алады. Мұны мамандар, кәсіпкерлер қатарын көбейту үшін жасап жатыр екен. Айта кетерлігі, жылына барлық өңірден кем дегенде 100 мың бизнесменге қор қажетті кеңес беріп, көмек көрсетеді. Небәрі соңғы алты айда 40 мың клиентке қызмет көрсетіліп, 52 мың қызмет түріне қол жеткізілген.

«Жол бизнес картасы-2020 бағдарламасы бойынша түрлі сервистік көмек көрсетіледі. Бухгалтерлік есеп, бизнес план жасау, маркетингтік талдау жасау, экспортқа шығаруға қызсет көрсету сияқты. Бұл қызметтерді қазір бізідің орталықтан алуға болады. Енді  мұның барлығын онлайн түрде ала алады»,- деді «Даму» қорының басқарушы директоры, Ғабит ЛЕСБЕКОВ.

Соңғы алты айдың ішінде 3 мың 800-ден астам жоба екінші деңгейлі банктер мен лизингтік компаниялар арқылы жеңілдікпен қаржыландырылған. Оған қоса, субсидияға қол жеткізгендер былтырмен салыстырғанда 21-пайызға артыпты. Сондай-ақ, жарты жылда «старт-ап» жобасы аясында 1 мың 135 кәсіпкер оқып, оның 121 өз ісін жүргізіп кетті.


Новости партнеров