Елімізде күзгі әскерге шақыру науқаны басталды

Елімізде күзгі әскерге шақыру науқаны басталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. бірақ азаматтық борышын өтеуі тиіс жастардың 8 пайызы және тіркеуде тұрғандардың 4 пайызы әскерге жарамсыз екен. көбінде терапевтік және хирургиялық аурулар анықталуда. Десек те, бұл мәліметтер өткен жылмен салыстырғанда біршама азайған.

¤¤1-ші қыркүйектен бастап еліміз бойынша күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Өз борышын өтеймін деушілер медициналық, психологиялық тексерістен өтіп, физикалық жағдайы сыналады. Мүдірмесе, сарбаз сапына қосылады, кінәрат тапса, оны жөндеу ұсынылады. Елордадағы қорғаныс істері жөніндегі департамент жүргізіліп жатқан кешенді жұмыстарды жіпке тізіп айтып берді. Есепке тұрмай, борышын өтеуден қашып жүргендерді іздестіру шарасы да бар оның ішінде. Мәліметтерге сенсек, өткен жылмен салыстырғанда бұқпантайлап жүргендер саны біршама азайған. Ал дәрігерлер тобы үміткерлер арасында жиі кездесетін ауруларды атады.

¤«Бірінші – терапевттік  аурулар, яғни дене массасының сәйкес келмеуі немесе артық салмақтық. Екінші хирургиялық аурулар: Ұмытшақтық, майтабан, кеуде клеткасының деформациясы секілді кемшіліктер жиі кездеседі», - деді Әскерге шақыру медициналық комиссиясының төрайымы¤ Гүлнәр БҮТІНБАЕВА.

Әскерге шақырылып, барлық тексерістен өткендерді де сөзге тартып көрдік.

¤¤Ал Қымбат Мейірбекованың Тараз қаласынан елордаға келуінің өзіндік себебі бар. Ол Астанадағы әскери бөлімшелердің бірінде борышын өтеп жүрген баласының жағдайын білу. Мұнда емін-еркін кіріп, ұлының қайда демалатынын, қалай тамақтанатынын өз көзімен көрді. Жасалған жағдайдың арқасында болар, Қымбаттың жалғыз ұлы әскери қызметті одан әрі жалғастырмақ ниетте.

¤«Өз еркіммен енді осында қалам деп отыр. Қараша айында бітіргенде. Біз оны қолдап отырмыз. Бізге еркек адамның әскери адам болғаны жақсы», - деді¤ Қымбат МЕЙІРБЕКОВА.

Әскери бөлімше мен оның аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бейнебақылау камералары орнатылған. Ал сарбаздардың арасындағы қарым-қатынасты дамытып, бір-біріне деген бауырмалдықты ояту үшін «Жауынгерлік дос» жүйесі жұмыс істейді.

¤Еске сала кетейік, күзгі әскерге шақыру науқаны аясында, Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне 1990-1999 жылдар аралығында дүниеге келген 16 мыңнан аса азаматты тарту көзделіп отыр.

 

Азамат Әуезхан, Олжасбек Мәден, АТ Астана


Новости партнеров