Елімізде латын әліпбиі осы жылдың соңына дейін дайын болмақ

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде латын әліпбиі осы жылдың соңына дейін дайын болады. Бүгінгі таңда арнайы комиссия құрылып, қаріптің нұсқаларын дайындап, латынға көшу жоспарын әзірлеп жатыр. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл ерекше жауапкершілікті қажет ететін маңызды жоба.

«Бұл - ауқымды жоба. Бастысы, қателеспеуіміз қажет. Барлығына оңтайлы қаріп ойлап табу керек. Яғни, оның бірнеше нұсқасы болады. Арасынан іріктеп, тиімдісін таңдаймыз. Тек содан кейін ғана латын әрпіне ауысуға болады. Бүгінгі таңда арнайы комиссия жұымысын бастап та кетті»,- деді Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі, Ерлан САҒАДИЕВ.

Сонымен қатар, осы жиында білім саласындағы өзге де түйткілдер сөз етіліп, шешімін тапты. Яғни, аталмыш ведомство жемқорлықпен күресу үшін, ең алдымен таныс-тамырға тосқауыл қойып, қоғамдық бақылауды күшейтпек. Екіншіден, жоғары оқу орындарындағы төлемақы деңгейі тікелей Министрлік бақылауына өтеді. Студенттің қалтасын қағатын қымбат баға реттелмек. Үшіншіден, 1-2 сынып оқушыларына қажетті оқу құралдары жаңа оқу жылында тегін таратылады.


Новости партнеров