Елімізде «Рухани жаңғыру» пән ретінде оқытылуы мүмкін

Елімізде «Рухани жаңғыру» пән ретінде оқытылуы мүмкін
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еліміздің жоғарғы оқу орындарында «Рухани жаңғыру» пән ретінде оқытылуы мүмкін. Мұндай ұсынысты ұстаздар қауымы Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінде өткен конференцияда айтты. Педагогтар қазірдің өзінде «Рухани жаңғыру» пәнінің методикасын әзірлеп қойыпты. Енді жақын күндері оны Білім және ғылым министрлігіне жолдамақ. Ондағылар құжатты мақұлдаса, еліміздің барлық жоғары оқу орнының төменгі курс студенттері жаңа пәнді меңгереді. Сол арқылы тәлімгерлер Қазақстанның мәдениеті және тарихымен терең сусындамақ.

«Студенттер, болашақ мамандар «Рухани жаңғыруды» пән ретінде оқуы керек. Өйткені, бүгінде Қазақстан тарихы келте нұсқада оқытылып жатыр, 20 ғасырдың басынан бері қарай. Ал енді оның арғы жағына бару үшін осы «Рухани жаңғыруды» пән қылып кіргізсек, ол мәселе шешілер еді. Ол пәнде қазақ даласындағы көне дәуірден бастап, бүгінге дейін қалыптасқан ұлттық кодымыздың сыры неде? Бәсекелестік қабілетті қалай?Соны түсінеміз», - деді Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің «Рухани Жаңғыру» гуманитарлық зерттеулер орталығының жетекшісі Ханкелді ӘБЖАНОВ.


Новости партнеров