Еліміздегі 107 көмір өндіретін кәсіпорынның қызметі тексерілмек
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Көмір бағасының көтерілуіне ірі өндірушілердің тікелей қатысы бар сияқты. Ұлттық экономика вице-министрі еліміздегі 107 көмір өндіретін кәсіпорынның қызметі тексерілетінін мәлімдеді. Былтырғы бағамен салыстырып, бағаның биылғы қымбаттауы қаншалықты орынды екені анықталады, деді Руслан Дәленов. Олар Астана, Алматы қалаларында сондай-ақ Алматы, Ақмола, Ақтөбе, және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан кәсіпорындар. Барлығы енді бағаны себепсіз қымбаттату дерегіне қатысты тексерілмек. Бұл жұмыстың қорытындысы 3 айдан кейін белгілі болады. Айта кетсек, Қазақстанда қыркүйек айында көмір бағасы қымбаттап кетті. Өндірушілер мұны ауа райының күрт суумен түсіндірген болатын.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
02.11.2026 08:11
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52