Еліміздегі дәрілік заттар нарығында картель анықталды

Еліміздегі дәрілік заттар нарығында картель анықталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еліміздегі дәрілік заттар нарығында картель анықталды. Мұны монополияға қарсы орган ресми түрде мәлімдеді. Олардың тексерісі кезінде еліміздегі фармацевтикалық компаниялардың өзара ауыз жаласқаны әшкереленген. Тендр ұтқан әлгі мекемелер дәрілік заттарды байқауға қатысқан өзге компанияларға үлестіріп беріпті. Медициналық препараттарды иемденген мекемелер арасында алматылық кәсіпорын да бар. Олардың бұл әрекеті қалалық соттың шешімімен заңсыз деп танылған. Енді олар 115 млн теңге көлемінде айыппұл төлейді. Одан бөлек, тапқан табыстары түгел тәркіленбек. Еске салайық, даулы компанияға биыл ақпан айында жаңа басшы келген еді. Төраға мекемедегі барлық былықты антимонополиялық органмен бірлесіп, анықтап жатыр. Ал, өткен айда «СК-Фармация» компаниясы мемлекеттік сатып алу талаптарын бұзғаны үшін бір миллиард 300 млн теңге көлемінде үкіметке айыппұл төлеген болатын.

«Біз тексеріс кезінде арнайы жоспар құрдық. Осыған дейінгі былықтардың барлығын әшкерелеп жатырмыз. Енді дәрі-дәрмектерді сатып алу мәселесіне келгенде сақ болуды ұғындық. Тендрге электронды түрде қатысамыз. Бұл тәсіл - тараптардың барлығына тиімді болады», - деді «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Максим КАСАТКИН.


Новости партнеров