Еліміздегі бірқатар өндірістік және қызмет көрсету саласындағы бағаны бақылау алынып тасталады. Бұл туралы Алматы қаласындағы табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті мәлімдеді. Алдағы жылдың бірінші қаңтарынан бастап темір жол, көлік, электр қуаты, жылу және мұнай өндірісі сынды салалар табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті тарапынан бақыланбайды. Аталған саладағы баға саясаты кәсіпкерлік туралы заң аясында қадағаланбақ. Бұл Елбасының тікелей тапсырмасымен қабылданған заңды талап. Бақылау жүйесін ауыстыру арқылы еліміздегі аталған сала экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының талабына сай болады.
«Бұрыңғыдай бақылау болмайды дегенмен де бақыланады. Алайда, олар кәсіпкерлік заң аясында тексеріледі. Бұл жүйе халықаралық деңгейдегі бәсекелестікті, кәсіпкерлікті дамытады. Көрші мемлекеттердің барлығы нарықтық экономикаға көшіп кетті. Бұл біздің өнідірс пен қызмет көрсету саласындағы бәсекелестікті арттырады. Бұл халықаралық стандарт»,- деді Алматы қаласы табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті басшысының орынбасары, Бауыржан ҚАЙЫРБЕК.