|
17.09.2018 | 19:49
6821

Ер Жабай батырдың 340 жылдығына орай ақындар мүшәйрасы өтеді

Ер Жабай батырдың 340 жылдығына орай ақындар мүшәйрасы өтеді

Дүниеден өткеніне 338 жыл болған қазақтың Ер Жабай батырының рухына Алаш жұрты тағзым етті. Хас батырдың ерлігі Бұқар жырау, Тәтіқара, Үмбетей, Шал ақындардың жырларында кездеседі. Ер Жабай Абылай ханның тіректі батырларының бірі болған.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шараға отандық тарихшылар мен ақын-жазушылар қатысты. Зиялы қауымның басы қосылған конференцияда Ер Жабай батырдың бахадүрлігі туралы өзге елдердің еңбектерінде де көптеп басылғаны алға тартылды.  

«Жоңғар шапқыншылары қазақ даласына алғаш басып кірген 1711, 1714, 1715, 1718, 1723 жылдардағы жоңғарлардың алты-жеті дүркін сұрапыл шабуылын еске алар болсақ, сол шабуыл кезінде Жабай батырдың 30-40 жастағы дер шағында, ақылы мен қайратының кемелді шағында болғанын білеміз. Бұл жайында Қытайда, Шыңжаңда, Моңғолияда жазылған әдебиеттерде бұрын көп ұшырасатын. Соның бастыларын атап кетер болсақ, Жабай батыр ерліктері жайындағы аңыз-әфсаналар және нақтылы тарихи-деректер тарихшы Асқар Татанайұлының, жазушы Қытай мемлекеттік сыйлығының иегері Шәміс Құмарұлының және моңғолиялық жазушы Сұлтан Тәукейұлының еңбектерінде кездеседі», – деді Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Жәди ШӘКЕНҰЛЫ.  

Ел үшін тер төккен Ер Жабай батырдың еселі еңбегін ескеріп, арнайы қор құру ұсынылды. Ал енді екі жылдан соң батырдың 340 жылдығына орай өтетін халықаралық ақындар арасында мүшәйра жарияланбақ.  



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир