Ерлан Қарин: Латын әліпбиінің жаңа нұсқасы әлі де сынақтан өтеді

Ерлан Қарин: Латын әліпбиінің жаңа нұсқасы әлі де сынақтан өтеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Президент қол қойған латын әліпбиінің жаңа нұсқасы әлі де сынақтан өтеді. Саясаттанушы Ерлан Қаринның пікірі осындай. Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев қазақ жазуын латын графикасы негізінде жаңа әліпбиге көшіру туралы жарлыққа 27 қазанда қол қойды. Дегенмен, Президент өз жарлығында латын әліпбиіне 2025 жылға дейін кезең-кезеңмен өтуі жөнінде айтқанын ұмытпаған жөн, деді саясаттанушы.

«Қазір біз әліпбидің нақты түрін қабылдадық. Дегенмен, бұл біз келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа латын әліпбиіне көшеміз, солай жазамыз деген сөз емес. Президент анық әрі көпке түсінікті түрде: «Латын әліпбиіне өту кезең-кезеңмен, яғни 2025 жылға дейін іске асады» дегенін ұмытпаған жөн. Демек, біздің әлі осы мәселе жөнінде еңбек ететін 7-8 жыл уақытымыз бар», - деді  саясаттанушы Ерлан ҚАРИН.


Новости партнеров