Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мектеп бітіру кешін ауқымды сән-салтанатқа айналдыруға қарсы. Санаққа сенсек, биыл үлкен өмір табалдырығынан 140 мың жас аттайды. Олардың әрқайсысы мектеппен қоштасу кешін ерекше атап өткізгісі келетіні анық. Сонымен түлектердің биылғы қыдырысы қандай болмақ?
Қымбат көлік кортежі, бойжеткендер үстіндегі бағасы жоғары көйлек пен костюм, кәсіби түрде камерасымен жылтылдаған операторлар - бұл біздегі мектеп бітіру кешінің бірден-бір атрибутикасы. Маңызды күнді, яғни, оқу ордасын тастап, ересектер қатарына қосылушылардың көбі осылай өткізгенді қалайды. Солардың бірі - Астанадағы №22 мектеп-гимназиясының болашақ түлегі Гюнель Әскерова. Алдағы Ұлттық тестілеу мен жоғарғы оқу орнына түсу туралы сұрақтардан бөлек, бойжеткен мектеппен қоштасар күнінде көйлек таңдауға кірісіп кеткен.
«Қазір тек мектептегі тестілеу мен оқу орнына түсумен бас қатып жүр. Бірақ тойлауды да ұмытпаймыз. Көйлек таңдап жүрміз. Өйткені, мектеппен қоштасу күні - 11 жыл бойы болған ордаңнан кету, онымен шын мәнінде қоштасу кезеңі. Ол күні алдағы жоспарды ойлаймайсың, тек жақындарынның арасында көңілді күн өткізесін. Сондықтан бұл күнді ерекше атап өткен жөн», - деді Астана қаласы №22-ші мектеп-гимназиясының 11-ші сынып оқушысы Гюнель ӘСКЕРОВА.
Ал мына кадрларда 20 жыл алдынғы қоштасу кеші сақталған. Көргеніңіздей, барлығы бір-біріне ұқсас кешкі көйлекте, қымбат мейрамханада емес, кәдімгі мектептің спорт залында жиналған жастар. Барлығы қарапайым, еш артық шығынсыз. Бұлай тойлау әдісін 32 жыл осы салада еңбек етіп келе жатқан Алтынай Нұрғалиева да құптайды. Оның айтуынша, қазіргі мектеп түлектерінің шалқып өткізетін ойын-тойлары десе, ұстаздар қауымы басын алып қашады екен.
«Мен бұлай тойлаудың түрі дұрыс емес деймін. Бала қарапайым болу керек. Жасанды шаш, қымбат көйлек дегендер дұрыс емес. Менің ойымша, аттесттат алдың да, мектепке келіп, құттықтадың құрбыларыңды. Ал лимузин, мақтану үшін қыдыру дегенді қою керек. Одан да ата-анаңның мен жақын достарыңның қасында өткізген жақсы сияқты», - деді Астана қаласы №22-ші мектеп-гимназиясының директорының орынбасары Алтынай НҰРҒАЛИЕВА.
Мектептегі осындай кештерде оқыс оқиғалардың болғаны жасырын емес. Тіпті, бірнеше күн бұрын Алматыда ата-аналар қауымы шу шығарды. Олардың айтуынша, қаладағы бір мектептің балаларынан мұғалімдер тойлау кешіне 150 мың теңге сұратқан.
«Мұны мектептегі мұғалімдер кеңесі, оқушылардың өзі, ата-аналар комитеттері шешеді. Балалар бітіру кешін қалауларынша тойлауға құқылы. Біз балаларға шектеу қойып, қарсылық танытпаймыз. Бұл мәселеге негізінен жергілікті атқарушы органдар, қалалық билік органдары жауапты. Тоқ етерін айтқанда, министрлік мектеп бітіру кешін қымбат шоуға айналдыруға қарсы», - деді ҚР Білім және ғылым министріЕрлан САҒАДИЕВ.
Айта кетейік, биыл мектеп бітірушілердің саны 140 мыңға жуықтайды. Олардың 70 пайызы дәп қазір Ұлттық біріңғай тестілеуге дайындалып жатыр.