Ұлттық біріңғай тестте бір сұраққа екі ұпай алуға болады

Ұлттық біріңғай тестте бір сұраққа екі ұпай алуға болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Енді Ұлттық біріңғай тестте бір сұраққа екі ұпай алуға болады.  Мұндай жеңілдікті  талапкер мамандығына қатысты таңдаған профильді пәндерден ала алады. Ал математика, Қазақстан тарихы,  қазақ  не орыс тілінің жауаптары бір балмен бағаланады. Биылғы бірыңғай тестілеудің тың жаңалықтарын ел Үкіметі қарады.  Білім және ғылым министрі осылайша  оқу жылының аяқталуына жарты жыл қалғанда өзгерістермен таныстырды.

13-ші рет өткізілейін деп жатқан ҰБТ-ны  жалпы саны 1 жарым миллион түлек  тапсырған.  Биылғы  тестілеу әдеттегі сынақтардан өзгерек болмақ.  Өзгешелігі сол сұрақтар 125-тен 120-ға азайғаны. Бірақ берілетін бал 140 болмақ. Яғни кей сұрақтың жауабы екі балмен бағаланады. Мәселен бір сауалға бес жауап болса, соның екі нұсқасы да дұрыс жауап.

 «Мектептегі тестілеу туралы айтайын,  бір сұрақта бірнеше дұрыс жауап болған жағдайда екі балл қосылады. Мысалы бір сұрақ тұрады: «Отан соғысы қандай жағдайда болды» деген. Соның ішінде 5 жауап тұратын болса, екеуі дұрыс болады»,- ҚР БҒМ мектепке дейінгі орта білім департаментінің  басшысыЖаңыл ЖОНТАЕВА.

 Мұндай  тапсырмалар мектеп емтихандарында да болады. Себебі, екі пән тестпен қабылданады. Биылғы сынақтың ерекшелігі де сол бітіруші ҰБТ-дан бөлек, мектеп қабырғасында  бес пән бойынша емтихан тапсырады.   Соның ішінде төртеуі міндетті, ал біреуі оқушының таңдауына қарай қабылданады. 

«Бүгінде барлық мектептерде ондай емтиxандар бар. Оны Ұлттық бірыңғай тестілеуге бармағандар тапсырып жүр. Сондықтан, ешқандай өзгерістер жоқ. Бір жаңалық, бұған дейін емтиxан сұрақтарын облыстық білім беру басқармалары дайындаса, енді екі пән бойынша тест тапсырмаларын Ұлттық тестілеу орталығы әзірлейтін болады. Негізі, тест сұрақтары дайын»,- деді ҚР білім және ғылым министрі, Ерлан САҒАДИЕВ.

 «Алтын белгі» иелегерлері  мен халықаралық олимпиада жеңімпаздары  ҰБТ-дан босатылмайды.  Тек 11 жыл бойы көз майын тауысып оқыған мұндай оқушыларға грантты  бөлуде жеңілдік болады. Мәселен, бір орынға бірдей бал алған қарапайым мектеп оқушысымен жарысқа түссе, сөзсіз «Алтын белгі»  топ жарады.

 «Алтын белгілерге» тек грантқа таласқан кезде үлкен мүмкіндік беріліп отыр.  Тапсырушы түлекпен бірдей бал алып қалса,  тегін оқу мүмкіндігі Алтын белгілерге беріледі»,- деді ҚР білім және ғылым министрі, Эльмира СУХАНБЕРДИЕВА.

 Шектік төменгі бал  өткен жылдардағыдай 50 балл деңгейінде сақталады. Ал «Қазақстан тарихын» алып тастаймыз деген шенділер бұл ойларынан айнып қалыпты.  Жаңа форматта бұл пән қалдырылатын болды.  Сонымен  шәкірттер мектеп бітірерде емтихан тапсырып, аттестациядан өтедi. Ал жоғарғы оқу орнына түсу үшiн бірыңғай тест тапсырулары міндетті.

Айжан Шамшидин, Бауыржан Қажақанов, «Алматы» телеарнасы, Астанадан

 

 

Новости партнеров