|
01.02.2017 | 10:12
1582

Қарағанды облысында тағы бір үй ішінара опырылды

Қарағанды облысында тағы бір үй ішінара опырылды

Қарағанды облысында тағы бір үй ішінара опырылды. Төтенше жағдай  Қарағанды маңында орналасқан Ақтас ауылында болған. Екіқабатты көппәтерлі үйдің кіреберісіндегі жертөленің қабырғасы опырылыпты. Қауіп төнген тұрғындар  Халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратына көшірілді. Құлаған қабырғаның көлемі күн өткен сайын үлкейіп барады. Тұрғындардың айтуынша, үйдің құлауына жертөледе жиналған су себеп болған,. Әрі бұл үй 1954 жылы пайдалануға берілседе жертөлеге бірде-бір рет жөндеу жүргізілмепті. Ал жергілікті әкімдік тұрғындарға уақытша баспана ұсынғандықтарын, алдағы уақытта сарапшылардың қортындысын күтетіндерін мәлімдеді.

Айта кетейік, Қарағандыда көпқабатты үйлердің құлауы бұған дейінде бірнеше рет болған. Соңғы рет 1 қаңтарда Шахтинск қаласының Шахан ауылында бес қабатты үй опырылып кеткен еді. Қазандықтың жарылуынан 9 адам қаза тапқан болатын. Олардың үшеуі ер адам, үшеуі әйел, тағы үшеуі балалар болатын. 

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир