1 сәуірге дейін көлік салығын төлемегендердің ісі сотқа кетеді

1 сәуірге дейін көлік салығын төлемегендердің ісі сотқа кетеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

1 сәуірге дейін көлік салығын төлемеген алматылықтардың соңынан жеке сот орындаушылары түседі. Олар берешегі барларға қатаң шара қолданбақ. Өйткені, салық төлеуден жалтарған көлік иелерінің саны тым көбейіп кеткен. Бір ғана Медеу ауданында 11 мыңнан астам адамның мемлекетке 865 миллион теңге берешегі бар. Сондықтан салықшылар қара тізімді сот орындаушылардың қолына ұстатуға мәжбүрміз, дейді. Биыл Салық Кодексіне енген өзгеріске сай, қарызы барлар туралы материалдар сот органдарына жолданбай, бірден жеке сот орындаушының қолына табысталады. Олар көлік иесінің салыққа өтеуі тиіс соммасы 1 айлық есептік көрсеткіштен, яғни 2405 теңгеден асса бірден шара қолданады.

«Сот орындаушылар бізден құжаттарды алғаннан кейін, олар ҚР заңына сәйкес шаралар қолданады. Яғни, азаматтың есепшоттарына шектеу қойылады. Шетелге шығуға шектеу қойылады, мүлкіне шектеу қойылады, автокөлікті жүргізу құқығынан уақытша айырады. Яғни, азаматтар автокөлік жүргізе алмай қалады салық берешегін төлемейінше», - деді Алматы қаласы Медеу ауданы мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары ҚуанышҮМЕНБАЕВ.

Сондай-ақ берешегі бар адамның басында көліктен басқа мүлкі болмаса, сот орындаушылары оны да тәркілеп алады. Темір тұлпарды аукцион арқылы саудалап, қарыз сомасын ұстап қалады. Ал қалған ақшасын иесіне қайтарып береді. Айта кетсек, сот орындаушы жұмысын орындағаны үшін ақыны да сол берешегі бар азаматтан өндіреді. Яғни, салық төлеуші мемлекетке берешегінен бөлек, қарыздың жалпы соммасынан 25 пайызын сот орындаушының қалтасына салып береді.



Новости партнеров