Еуропаны қытымыр қыс әлі де қысып тұр

Еуропаны қытымыр қыс әлі де қысып тұр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ал Еуропаны қытымыр қыс әлі де қысып тұр. Сербияда бір жарым мың мигрант қараусыз қалған орындарда жан бағуға мәжбүр. Белградта ауа температурасы минус 20 градусқа дейін төмендеп кеткен. Жергілікті билік өкілдерінен көмек болмаған соң, олар қоқыс жағып, жылынуға мәжбүр.


Ал мына шатырлар Сербия мен Венгрияның түйіскен тұсына тігілген. Шеттен келгендер Мажарстанды пана етуге ұзын-сонар кезекке тұрған. Алайда, шекарашылар күніне тек 10 адамнан ғана өткізуде. Шатырларда жан баққандардың арасында балалар да бар. Оларға жылы киім мен азық-түлік жетіспей жатыр.              


«Қара суық бірнеше күн қайтпай, әлі де сақталып тұр. Мұндай аяз бұл елде бұрын-соңды тіпті болмағандай. Салдарынан тұмауратып жатқан адам көп. Оларға дәрі-дәрмек жетіспеуде. Қауіпті аурулардың ушығып кетуінен қорқамыз»,- деді Ерікті, Милана РАДОСАВЛЬЕВИЧ.


Қазіргі санақ бойынша, Сербияда 7 мыңға жетеғабыл мигрант бар. Олардың дені елдің орталықтарына ойыса алмай, шет аймақтарда қалып қойған. Ел билігі тек әйелдер мен балаларды жылы жерлерге көшіріп жатыр. Ал, қалғандары сарышұнақ аязбен күресуге мәжбүр.              




Новости партнеров