|
06.07.2018 | 11:51
2588

Елбасыға «Астанаға 20 жыл» мерейтойлық медалі табыс етілді

Елбасыға «Астанаға 20 жыл» мерейтойлық медалі табыс етілді


Қазақ елі ұлттық мерекеге айналған – Астана күнін атап өтуде. Бүгінде миллионнан аса халқы бар ірі мегаполистің тағдыры 20 жыл бұрынғы тарихи оқиғамен тікелей байланысты, яғни, Астана күнінің 6-шілдеде тойлануы бекер емес. Өйткені Мемлекет басшысы 1998-ші жылы ел астанасын Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы жарлыққа қол қойған. Кейінірек Ақмола атауы Астана болып өзгертілді. Астананың 20 жылдығымен және Қазақстан Президентін туған күнімен құттықтау үшін бүгін мемлекетіміздің жоғары лауазымды тұлғалары Ақордада арнайы бас қосты.  

Мемлекет басшысына зор денсаулық, бақыт және жауапты қызметте жаңа табыс тілеп келгендердің арасында қос палата төрағалары, Үкімет басшысы, Мемлекеттік хатшы және тағы басқалары бар. Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа «Астанаға 20 жыл» мерейтойлық медалі салтанатты түрде тапсырылды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

медаль
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир