|
20.06.2018 | 14:40
1565

Ақтөбеде депутаттар автобустарды тексерді

Ақтөбеде депутаттар автобустарды тексерді

Ақтөбенің қалалық қоғамдық кеңес мүшелері мен мәслихат депутаттары бүгін қоғамдық көліктердің қызметін бақылап көрді,-деп хабарлайды Rikatv.kz.

Комиссия мүшелері автобустардың тоғысатын жері темір жол вокзалы аялдамасында жолаушылармен сөйлесті. Аялдамаға келіп тоқтаған автобустарға мініп, салондардың тазалығын қарады. Жүргізуші, кондукторлармен сөйлесті. Бұл жерге комиссия мүшелері автобуспен емес көліктерімен жетті. Осындайда қоғамдық көлікпен жүрмейтін адам, жолаушының мәселесін қайдан ұқсын деген ой туады. Ал олар жағдайға қанықпыз дейді. Жаз мезгілінде түн қысқарып, күн ұзарса да кейбір қоғамдық көліктердің жұмыс кестесіне еш өзгеріс енгізілмеген сыңайлы. Автобустар жұмысқа таңда кеш шығады. Ал кеште жұмыстарын ерте аяқтайды. Сағат кешкі жеті-сегізден кейін автобустар бірінен соң бірі тұрақтарына қайтады. Қалада жолаушы тасымалымен "Автопарк" ЖШС-і мен қалалық жолаушылар автокөлік кәсіпорны айналысады. "Автопарк" 300-ден астам автобустың 200-дейін ғана қазір жолға шығарып отыр. Қалғаны бұзық. Ал жөндеуге қаражаттары жетпейді. Олар бірнеше уақыттан бері жергілікті биліктен жол ақысын өсіруге рұқсат сұрап келеді. Облыстық ІІД-інен алынған мәліметке сай, жыл басынан бері қоғамдық көлік жүргізушілері 500-ден астам заң бұзушылық жасаған. Ақтөбеде жылдамдықты шамадан тыс асыру, жол бойында телефонмен сөйлесу, автобусты кез келген жерден тоқтату, тіпті қоғамдық көлікті мас күйінде басқару деректері де кездеседі.






Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир