Елімізде мемлекеттік сот орындаушыларының саны қысқартылмақ

Елімізде мемлекеттік сот орындаушыларының саны қысқартылмақ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде мемлекеттік сот орындаушыларының саны келер жылға дейін 303-ке қысқартылмақ. Бұл Үкімет қабырғасында өткен жиында айтылды. Әділет министрінің орынбасары Жанат Ешмағанбетовтың айтуынша, аталмыш қадам  2 млрд-қа  жуық мемлекеттік бюджетті үнемдеуге мүмкіндік береді. Осыған орай, жұмыстың басым бөлігін жеке сот орындаушылары атқарады.

«Биыл 900-ге жуық сот орындаушы жазаланды. 50 лицензия уақытша тоқтатылып, 10 лицензия мүлде қайта алынған болатын. Кез келген жағдай назардан тыс қалып отырған жоқ», - деді Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Жанат ЕШМАҒАМБЕТ.

Сонымен қатар, сот орындаушыларының жұмысына қатысты шағымдар 3 есеге азайған. Әрі, ел  аймағында орналасқан 5 әуежайдағы терминалды қолданған 150-ге жуық  азамат 7 млн теңге көлемінде берешегін өтепті.

Новости партнеров