Грантқа іліне алмаған екі студенттің оқу шығынын меценат төлеп берді

Грантқа іліне алмаған екі студенттің оқу шығынын меценат төлеп берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстандық меценат грантқа ілікпеген екі студенттің барлық оқу шығынын төлеп берді. Енді тәлімгерлер Қазақ көлік және коммуникация академиясында 4 жыл алаңсыз білім алады. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыдан шыққан студенттер мұндай мүмкіндіктің берілгеніне дән риза. Енді сенімді ақтап, бәсекеге қабілетті маман боламыз деген уәделерін жаудырды.

Айта кетейік, аталмыш оқу орны мұндай шараларды бірінші рет ұйымдастырып жатқан жоқ. Өткен жылы әлеуметтік шәкіртақы 355 адамға тағайындалса, бұл мақсатта жұмсалған қаржы 11 миллион теңгеден асып жығылады.

«Негізі, ҰБТ-ға қатысып, төмен балл жинап қалғанмын. Гранттан айырылып қалған едім. Отанымызда осындай бетке ұстар азаматтардың көп болуы, әрине, бізді қуантады. Мұнда ұстаздарымыз да керемет білімді, барлығын жақсы түсіндіріп, сабақты қызықтырып өтеді», – дейді студент Мәдина ТҰРСЫНБЕК.  

«Әлеуметтік шәкіртақыларды біз жетім балаларға, жартылай жетім балаларға және көп балалы семьяларға тағайындаймыз. Бүгін біздің академиямызға тағы бір үлкен көмек келіп отыр. Қазақстанның ірі меценаттарының бірі бүгін екі студентімізге шәкіртақы тағайындап, толығымен оқу ақысын өтеп, оқытып жатыр екен. Біз оған өте қуаныштымыз», – деді ҚАЗККА тәрбие бөлімінің басшысы Ақылбек БИДАЛХАНҰЛЫ.


Новости партнеров