|
24.08.2018 | 12:30
3378

Мексика үндістері Головкин – Альварес жекпе-жегінің жеңімпазына арнайы белбеу жасады

Мексика үндістері Головкин – Альварес жекпе-жегінің жеңімпазына арнайы белбеу жасады

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) Головкин – Альварес жекпе-жегінің жеңімпазы үшін арнайы белбеуді таныстырды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.  

Бұл бірегей естелік белбеуді Чьяпас тайпасының шеберлері үш ай бойы жасаған. Белбеу этникалық өрнектермен айшықталған, дәл ортасында WBC логотипі орналасқан, сондай-ақ, «Майя жауынгері» және «Мексика. 15 қыркүйек» деген жазулар жазылған. Ал логотиптің дәл үстінде «Әлем чемпионы» деген жазу ойып жазылған. Логотиптің оң жағында Мексиканың туы, сол жағында Қазақстанның туы бейнеленген.

Еске салсақ, WBC, WBA және IBO тұжырымдары бойынша орташа салмақтағы әлем чемпиондарының, яғни қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы екінші жекпе-жек 15 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile Аренада өтеді.


Сурет /  СИА «SPORTINFORM


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир