Шетелдік студенттер мен ұстаздар бүгін Еуразия Ұлттық Университетінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асуын талқыға салды. Форумда 500-ге жуық адам бас қосты. Елбасының елеулі мақаласын, сырт ел тәлімгерлері өз елінде кеңінен насихаттамақ. Мысалы, Францияда студенттер «1001 қадам» деген жобаны қолға алыпты. Жыл соңына дейін осы тектес акциялар жалғасын табады. Сонымен қатар, шетелдік университеттердің кітапханасы отандық әдебиеттерімен толығады.
«Қазақстан ректорлары кеңесінің төрағасы ретінде өз әріптестеріме де осы форумды әрі қарай іліп әкетуді, жалғастыруды ұсынып отырмын. Осылайша егер бір жаздың ішінде 13 мыңнан астам Қазақстандағы оқыған шетелдік студенттер біз туралы айтып келетін болса біз одан тек қана ұтамыз»,-деді Астана қаласы Л.Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Ерлан СЫДЫҚОВ.