|
06.07.2018 | 12:17
1800

Шет мемлекеттер басшылары Елбасыны Астананың 20 жылдығымен құттықтады

Шет мемлекеттер басшылары Елбасыны Астананың 20 жылдығымен құттықтады

Астананың 20 жылдығына және Қазақстан Президентінің туған күніне орай шетел үкіметтері мен мемлекеттері басшылары құттықтаулар жолдауда, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин өзінің құттықтау жеделхатында Астана мен Мәскеу арасындағы одақтастық пен стратегиялық серіктестіктің одан әрі нығайып, Қазақстан мен Ресейдің Еуразиялық Экономикалық одақ, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы және басқа да халықаралық құрылымдар аясындағы өзара табысты ықпалдастығы кеңейе түсетініне сенім білдірді.

«Сіз өз еңбегіңіздің арқасында Қазақстан халқының құрметіне бөленіп, халықаралық деңгейде жоғары беделге ие болдыңыз. Сіздің еуразиялық интеграция жөніндегі идеяларыңыз елдеріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, Еуразия құрлығындағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге септігін тигізіп, дәйекті түрде жүзеге асырылып келеді. Шын жүректен Сізге зор денсаулық, бақ-береке, амандық және жаңа жетістіктер тілеймін», - делінген жеделхатта.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир