Ыстамбұлда түнгі клубта қарулы шабуылға қатысты 27 адам қамауға алынды

Ыстамбұлда түнгі клубта қарулы шабуылға қатысты 27 адам қамауға алынды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Енді шетел жаңалықтары. Ыстамбұлда түнгі клубта қарулы шабуылға қатысты 27 адам қамауға алынды. Бұл туралы  түркиялық бұқаралық ақпарат құралдары мәлімдеді.  Бұдан бұрын дүйсенбі күні полицейлер жаңа жыл түнінде қарулы шабуылға байланысты рейд жүргізген болатын. Кейбір деректер бойынша, шара кезінде кемі 12 адам қамауға алынды. Айта кетсек, шабуыл нәтижесінде 39 адам қаза тапты. Олардың арасында 11-і Түркияның, жетеуі Сауд Арабиясының, сондай-ақ Ливан, Германия, Канада, Ресей және басқа да елдердің азаматтары болған. Осы шабуыл кезінде 70 адам жараланған. Шабуылды Қазақстанда және басқа да көптеген елдерде тыйым салынған "Исламдық мемлекет" ұйымы өзідеріне алып отыр. Оның көшбасшылары бұрын өз жақтастарын Сирияда жүргізілген әскери операцияларға байланысты Түркияға шабуыл жасауға шақырған болатын. Жаңа жыл түні бейбіт тұрғындарға шабуылдаушы, Калашников автоматынан оқ атқан. Әр түрлі деректер бойынша, шабуыл 10-нан 20 минут аралығында болған. Осы кезде үрейленген түнгі клубтың кейбір қонақтары Босфор бұғазының салқын суына секіріп кеткен.


Ал, Түркия билігі қазірдің өзінде  Сириядағы әскери операцияларды тоқтатпайтынын мәлімдеді. 

Новости партнеров