|
05.01.2017 | 11:53
1516

Израильдің премьер-министрі тергеуге алынды

Израильдің премьер-министрі тергеуге алынды

Израильдің премьер-министрі тергеуге алынды. 67 жастағы Биньямин Нетаньяхуды Иерусалимдегі резиденциясында үш сағат бойы сұрақтың астына алған. Алайда, полиция өкілдері нақты қандай сұрақ қойылғанын ашып айтпады. Билік басшысы бизнесмендерден сыйлық алды деген күдікке ілінген. Израильде бұл мемлекеттік қызметкер кодексіне жат әрекет. Бұған дейін елдің бас прокуроры қылмыстық тергеуді бастау үшін айғақтар жеткілікті деп мәлімдеген еді. Ал, премьер тағылған айыпты мойындамай, кінәсі жоқ екенін жеткізді.


«Мен бұған дейін де айттым, қазір де қайталаймын: ештеңені де таппайды. Себебі ешнәрсе де болмаған. Сіздер бос қиялға орын бере беріңіздер, ал, біз  мемлекетті әрі қарай басқаруды жалғастырамыз», - деді  Израильдің премьер-министрі Биньямин НЕТАНЬЯХУ.


Израильдің ақпарат өкілдері жергілікті және шет елдік кәсіпкерлердің беру мүмкін деген сомасы жүз мыңдаған «шекельге» шағады дейді. Айта кетейік, Биньямин Нетаньяху билікте 1996 жылдан бері түрлі ведомстволарда басшылық қызметін атқарып келеді. Осы уақытқа дейін талай шулы оқиғалардың ортасында қалған. 2000 жылы жұбайы және өзінің үстінен жемқорлыққа қатысты іс қозғалып, тергелген. Алайда, айғақтың жетіспеуінен айып алынып тасталды.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир