Алматыда су бұрқақтар 25 мамырда іске қосылады

Алматыда су бұрқақтар 25 мамырда іске қосылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда су бұрқақтар 25 мамырда іске қосылады. Қазір олардың кейбіреулері жаңартылып, қалғаны қалпына келтіріліп жатыр. Себебі, қыс бойы істемей тұрған су фонтандардың істен шыққан болуы да мүмкін. Қазір, қаладағы су бұрқақтардың 25-і жұмыс істеп тұр. Тілші Перизат Көмекбайқызы толықтырсын.

Алматыдағы ең ірі су бұрқақ тұңғыш Президент саябағында орналасқан. 19,5 метр биіктікке атқылайтын су шам жарығымен тіпті көріктене түседі. Ондағы, Су сыйымдылығы 3 мың текше метрге жуық. Оны толық толтыру үшін кемінде 1 апта уақыт қажет. Мамандар қазір оны іске қосуға дайындап жатыр. Ағымды жөндеу жұмыстары аяқталған соң, су бұрқақтар іске қосылмақ.

¤Кешкі уақытта түрлі түске көмкерілген су бұрқақтар сазды әуенмен бірге сан құбылып, билей жөнеледі. Оның барлығы дәл осы жерден басқарылады. 

«Барлығы автоматтандырылған. Кешкі уақыттан бастап, жарты сағат сайын интервал 9 минут аралығында классикалық музыка қосылады. Одан бөлек, көңілді әуендер қосылып тұрады»,- ДЕДІ Инженер, Асқар ЕРІМБЕТОВ. 

Бүгінгі күні шаһарда жалпы саны 120-дан аса су бұрқақ бар. Оның 46-сы коммуналдық мекеменің меншігінде. Мамандар сәуір айынан бастап оларды ретке келтіруді қолға алыпты. 

«Әр су бұрқақтың өзінің күрделілігі бар. Өтпелі жұмыстан кейін қондырғыларын қондырамыз. Оны бірінші тексеріп көреміз. Оның су толуы, кейбіреулері 8 күнге дейін толады. Кішілеу су бұрқақтар 2-3 күн. Су толғаннан кейін қосамыз су бұрқақты»,- ДЕДІ «АЛМАТЫЭКОЛОГОҚҰРЫЛЫС» КМК БАС директорының орынбасары, Шыңғыс РЫСҚҰЛБЕКОВ. 

Жетісу Алматыдағы ең көне су бұрқақтардың бірі. Ол 1948 жылы салынған. 70 жылдық тарихы бар нысан биыл жөндеуден өткізілмек. Алдағы уақытта су бұрқақ түнде түрлі түске боялып, жарық шашып тұратын болады. ¤

Ал, фонтандардың тағы екеуі күрделі жөндеуден өткізілмек. Оның ішінде Қазақстан қонақ үйі жанындағы және Арбат аумағындағы су бұрқақ қалпына келтіріледі. Жыл сайын су бұрқақтар кезегімен жаңартылып тұрады. Биыл бұл мақсатқа қалалық бюджеттен 502 миллион теңге бөлінген. 

«Жетісу және Қазақстан қонақ үйі жанындағы су бұрқақтарда мәрмәр тақталары толығымен ауыстырылады. Стелла гранитпен көмкеріледі. Арбатта мүсін жаңартылады. Су қабырғасы жасалады. Оған қоса, су бұрқақ маңайында көгалдандыру жүргізіліп, жарықтандырылады»,- деді Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы, Александр СЕРГЕЕВ. 

Бүгінде қалада коммуналдық меншіктегі 25 су бұрқақ жұмыс істеп тұр. Қалғандары 25 мамырда біртіндеп іске қосылатын болады.

Перизат Көмекбайқызы, Валерий Таубалдиев, «Алматы» телеарнасы



Новости партнеров