Қаскелеңдегі бала сату ісі: анасынан басқалары кепілмен босатылды

Қаскелеңдегі бала сату ісі: анасынан басқалары кепілмен босатылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысындағы Қаскелең ауруханасында жаңа туған нәрестені сатпақ болғандар мен сатып алғысы келгендер кепілмен босатылды. Аталған фактіні облыстық ІІД баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Соттың шешімімен нәрестенің анасынан басқалары кепілмен босатылды. Бірақ осы факті бойынша қанша күдіктінің тергеліп жатқанын жария ете алмаймыз», –  деп мәлім етті облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Сергей Незнаев.  

Бейресми мәлімет бойынша, нәрестені сатып алмақ болған отбасы өкілі кепілмен бостандыққа шығу үшін 12 млн теңге несие алған. Ал нәрестенің туған анасы – 20 жастағы әйел.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысында жаңа туған шақалақты ақшаға айырбастап жатқан жерінен қылмыстық топ ұсталған болатын. Полицейлер Қаскелеңдегі ауруханада болып жатқан сұмдық жәйттің үстінен түскен. Қазір осы факті бойынша ҚР ҚК 135 бабының 2 бөлігі бойынша тергеу жалғасуда.


Новости партнеров