|
26.06.2018 | 14:48
1197

Қасымбек Шудағы пойыз апатына не себеп болғанын айтты

Қасымбек Шудағы пойыз апатына не себеп болғанын айтты

«Астана-Алматы» бағытындағы пойыздың Шу станциясы маңында апатқа ұшырауына не себеп болғаны әлі белгісіз. Тіпті Жеңіс Қасымбектің өзі жорамалға сүйеніп отыр. Үкімет отырысынан кейін сұрақтың астына алған журналистерге Инвестициялар және даму министрі сегіз вагонның рельстен шығып, аударылуына нендей жағдай түрткі болғанын нақты комиссия анықтамасынан кейін білуге болады,- деді. Дегенмен алдын-ала болжам бойынша, қалааралық тасымалдаушы көлік рельстердің босаңсуынан жолдан шығып кеткен. Бірақ жол торабы биыл ғана жөнделген екен.  


«Негізгі версия - жолдың жағдайы. Көктемде жүргізілген жөндеу жұмыстарының сапасына, күнделікті тексеріске, бұл жолдың жағдайына келгенде сұрақтар бар. Мен осымен 20-шы рет жауап беріп тұрмын: кімнің кінәлі екенін комиссия анықтайды»,-деді ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс ҚАСЫМБЕК .


Естеріңізге салсақ, 17-ші маусымда «Астана-Алматы» бағытында қатынайтын пойыз апатқа ұшырап, сегіз вагон жолақтан шығып кеткен еді. Салдарынан бір жасөпірім қаза тауып, 25 жолаушы ауруханаға жүгінді. Темір жолдағы қайғылы оқиғаны Премьер-министр жеке бақылауына алып, бірқатар жауапты министрліктерге қайғы жұтқан отбасыға қажетті көмек пен зардап шеккендерге сапалы медициналық бақылау жүргізуін тапсырған болатын.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

Поезд шу
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир