Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми Елбасына есеп берді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Республикамыздағы сот реформасы қалай жүріп жатыр? Дәл осы тақырып төңірегінде Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми Елбасына есеп берді. Нұрсұлтан Назарбаев сот жүйесінің және бүкіл құқық қорғау саласының алдында тұрған жұмыстардың ауқымды екенін атап өтіп, сот процесінде жарыспалылықтың жоқтығына тоқталды. Сондай-ақ мемлекет басшысы адвакатураның дамуы әлсіз екеніне назар аударды. Ал, Қайрат Мәми Мемлекет басшысына құқық қорғау саласында жүзеге асырылған реформалар сот жүйесіне оң әсер еткенін баяндады.

«Соттар тұрақты жағдайда қызмет істеуде. Сот әділдігі толығымен қамтамасыз етіліп жатыр. Нақтырақ айтсам, Нұрсұлтан Әбішұлы ағымдағы жылдың 5 айында 512 мыңннан астам қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер соттарға келіп түсті. Оның 417 мың 208-і бүгінгі күнде көрсетілген процессуалдық мерзімде қаралды», - деді жоғарғы сот төрағасы Қайрат МӘМИ.

Сондай-ақ Ақорда төрінде Президент Түрік Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Тұғрұл Түркешпен кездесті. Мейман өзін қабылдағаны үшін Елбасына алғыс айтып, Түркияның мемлекет басшысы Режеп Тайип Ердоғанның сәлемін жеткізді. Ал мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бергі 25 жыл ішінде екі ел арасындағы қарым-қатынас барлық бағыттар бойынша ілгеріленіп, дамып келгенін айтты.

«Түркия Қазақстанның ең жақын бауырлас елі. Барлық жағдайдан қарым-қатынасымыз 25 жылдың ішінде өсіп-өркендеп келе жатыр», - деді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

«Түрік Республикасы мен Қазақстан арасындағы қатынастардың тамыры тереңде. Қазақстанның халықаралық ұйымдар қызметіне, әсіресе, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде белсене қатысуы Түркия үшін маңызды», - деді Түркия Республикасы примьер-министрінің орынбасары  Тұрғұл ТҮРКЕШ.


Новости партнеров