Қазақ тіліндегі «Кәсіпкерлер сөздігі» жарыққа шықты

Қазақ тіліндегі «Кәсіпкерлер сөздігі» жарыққа шықты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ауыл тұрғындарына кәсіп ашуда қолданылатын терминдер мен тіркестерді түсіндіруге арналған «Кәсіпкерлер сөздігі» жарыққа шықты. Аталған оқулықты «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты бірлесіп шығарып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақ тіліндегі қажетті оқулық Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Пікірталас клубының бүгінгі отырысында таныстырылды.

«Терминдер көп. Қазақ тіліндегі баламасын түсіндірме ретінде шығарып отырмыз. Мәселен, ағылшын тілінде экономикаға байланысты сөздер жетіп артылады. Оны ауыл адамдарының бірі түсінсе, екіншісі түсіне бермеуі мүмкін. Осыған байланысты бел буып, «Бизнес-бастау» жобасы арқылы адамдардың сұранысына байланысты сөздік жасадық. Бұл - ауылдағы қарапайым халықтың қолданысына сай келетін сөздік. Біз терминдерді көбінесе оқулықта түсіндіруге тырыстық», – деді бүгінгі отырыста «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Елдар Жұмағазиев.

«Көкжиек» баспасынан шыққан сөздік негізінен кәсіпкерлер қауымының, сондай-ақ бизнес-әріптестердің, қаржы мекемелері қызметкерлерінің, қаржы-банк саласындағы кеңесшілердің, басқа да мүдделі мамандардың күнделікті іскерлік және қаржы-экономикалық коммуникациясында пайдалануға арналған.

Сөздікте 500-ге жуық кәсіпкерлікке қатысты терминдер мен ресми-іскер мазмұнды сөздер топтастырылған. Олардың қазақ тіліндегі түсіндірмесі қамтылған. Сондай-ақ, жиі қолданыстағы тіркестер келтіріліп, олардың орыс тіліндегі баламасы да көрсетілген. Кәсіпкерлік саладағы коммуникативтік актіде қолданылатын күрделі атаулар және олардың қысқартылған нұсқасы іріктелген.


Новости партнеров