Ассамблеяның ашылуынан бір күн бұрын, 20 мамырда, Женева қаласындағы ДДҰ штаб-пәтерінің базасында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ДДҰ-ның бас директоры, доктор Тедрос Гебрейесуспен кездесті. ДДҰ-ның Алматы Декларациясының 40 жылдығына орайластырылған МСАК бойынша ДДҰ мен ЮНИСЕФ-тің жаһандық конференциясына дайындық шеңберінде ДДҰ мүше елдердің мемлекеттері мен үкіметтері басшыларының қатысуымен 2018 жылғы 25-26 қазанда конференция өткізудің саяси деңгейінің мәселелері талқыланған болатын.
Сонымен қатар, тараптар Конференцияның қорытынды құжатын – заманау тегеуіріндерге сәйкес келетін МСАК бойынша жаңа дүниежүзілік Декларацияны қабылдау үшін Қазақстанның бастамасын талқылады. Министр ҚР мен ДДҰ арасындағы қарқынды және табысты әріптестік ынтымақтастық үшін доктор Гебрейесуске алғысын білдірді. Өз кезегінде доктор Гебрейесус Қазақстанның барлық ұсынған бастамаларын қолдап, Жаһандық конференцияны дайындауда табыстар тіледі.
21 мамырда Женева қаласында Біріккен ұлттар ұйымының (БҰҰ) Ұлттар сарайында 71-ші Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы (ДДА-71) басталды. Ассамблеяны ашу кезеңінде ҚР үшін алғаш рет Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ДДА-71 Төрағасының Орынбасары болып сайланды.
Ауыр жіті респираторлық синдромды (SARS) жаңа және қауіпті инфекциялық ауру ретінде сәйкестендірген италиялық дәрігер Ка́рло Урба́нидің және кәсіби парызын орындау кезінде қаза болған ДДҰ басқа да дәрігерлерінің құрметіне бір минуттық тағзым етілді. Осындай қайсар дәрігерлердің қосқан үлесінің арқасында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы миллиондаған адам өмірін сақтап қалған тиімді шараларды уақтылы ұйымдастыра білді.
190-нан астам елдің делегацияларының алдындағы баяндамасында ДДҰ бас директоры, доктор Тедрос Гебрейесус Қазақстанда, Астанада 25-26 қазанда болатын Медициналық-санитариялық алғашқы көмек бойынша Алматы Декларациясының 40 жылдығына орайластырылған, ДДҰ Жаһандық конференциясын өткізудің маңыздылығын атап өтті. «Жаһандық конференция 1978 жылғы Алматы Декларациясының негізгі ережелерін одан әрі іске асыру бойынша ДДҰ-ға қатысушы елдердің саяси еркіндігін жаңартуға көмектеседі»,- деді Тедрос Гебрейесус.
Сонымен бірге, ДДА-71 шеңберінде ТМД елдерінің денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты нығайту, үздік практикаларды алмасу мәселелері бойынша ТМД елдерінің Денсаулық сақтау министрлерінің кеңесі өтті.
Елдердің ДДА-71 бағдарламаларының негізгі бағыттары бойынша ұстанымдары, сондай-ақ әлемде МСАК-ты дамытудағы Алматы Декларациясының рөлі талқыланды.
ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өзінің баяндамасында «2018 жылғы 25-26 қазанда Астана қаласында МСАК бойынша Жаһандық конференция алаңында медициналық алғашқы көмектің болашағына көзқарасты жаңадан қайта пайымдау аса маңызды» - деді.
Өз кезегінде, ТМД елдерінің делегацияларының басшылары медициналық көмектің сапасын арттыру, денсаулық сақтауды цифрландыру саласындағы идеялар мен практикаларды алмасуға және ТМД азаматтары үшін ТМД-ның ішінде жұмыс орнын ауыстыру және тұру кезінде көрсетілген медициналық көмек туралы деректерді алмасуға мүдделілігін білдірді.
Женева қаласындағы 71-ші Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясында ДДҰ-ға мүше елдердің және халықаралық агенттіктердің екі мыңнан астам өкілі қатысуда.