Алматының Орталық саябағы жаңартылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматының Орталық саябағы адам танымастай өзгереді. Бүгін қала әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында мәдениет және демалыс паркін аралап шықты. Басқарушы компания қайта жасауға жеке инвестициядан 1,6 миллиард теңге көлемінде қаражат бөлген. Кешенді жоспар бойынша, жаңарған саябақ аймақтарға бөлінеді. Онда тегін скейтодром, воркаут және спорт алаңдары, балалардың жаңа қалашығы пайда болады. Оған қоса, заманауи аттракциондар тұрғызылады. Саябақта жуық арада тротуарларды жөндеу басталып, талапқа сай келмейтін сауда нысандары алынып тасталады. Сондай-ақ шамамен 30 жылдан бері жұмыс істемей тұрған «Велотрек» қайта жасалады. Ескерте кетейік, құрылыс жұмыстары кезең бойынша жүзеге асырылмақ.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33