Мұнай өндіру және оны қайта өңдеу көлемін арттыру қажет. Елбасы Энергетика министріне осындай тапсырма жүктеді. Нұрсұлтан Назарбаев газ өндіру, елді газдандыру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығын атап өтті. Балқаш жылу электр стансасының құрылысына қатысты мәселелерді шешудің, сондай-ақ энергетика саласындағы нысандарды жекешелендірудің маңыздылығына да тоқталды. Ал Қанат Бозымбев энергия ресурстарын өндіру жөніндегі жоспардың жекелеген көрсеткіштер бойынша артығымен орындалғаны, сондай-ақ 2016 жылдың қорытындысы бойынша мұнай экспорты артқаны туралы хабарлады. Елбасы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
«Қашағанда мұнай өндіру жұмыстары басталды. Теңіз кен орнының аясын кеңейту туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, Қарашығанаққа қатысты мәселе шешімін тапты. Осыған байланысты мұнай өндіру және оны қайта өңдеу көлемін арттыру қажет. Бұл үшін біз мұнай өңдейтін үш зауытты қайта жаңғыртып жатырмыз», - деді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.