Бүгін Қос палатаның бірлескен отырысы өтті. Алқалы жиында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин алтыншы сайланған Парламенттің үшінші сессиясын қорытындылады. Тіпті, министрлер жасаған ұсыныстардың біразы сыннан өтпейтінін жасырмады. Айта кету керек, осы аралықта екі палата 4 бірлескен жиын өткізген. Мәжіліс 38, Жоғарғы палата депутаттары 28 рет бас қосып, 400-ге жуық өзекті мәселені қараған. Оның ішінде 129 заң жобасының 84-і қабылданған. Қазіргі уақытта 65 құжатқа мемлекет басшысы қол қойып, күшіне енді.
«Баршаңыз жақсы білесіздер алтыншы сайланған парламенттің үшінші сессиясы өте маңызды және тарихи кезеңді өтті деуге болады. Қазақстанымыз БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төраға болды.Біздің елімізде бүкіл әлемнің назарын аударған «Экспо» халықаралық көрмесі ұйымдастырылды.Сонымен бірге елімізде Сирия жағдайы бойынша Астана процесі өтіп, Қазақстанымыз әлемдік деңгейдегі келіссөз алаңына айналды.Бюждеттің әлеуметтік бағытын одан ары күшейтуге оның ішінде білім беру , денсаулық сақтау, мәдениет және спор обьектілеріне тиісті қаражат бөлінді»,-деді ҚР Парламенті мәжілісінің төрағасы Нұрлан НЫҒМАТУЛИН.
Шілденің 9-нан бастап халық қалаулылары өңір-өңірді аралап, Елбасының 5 әлеуметтік тапсырмасын жұртқа жіті түсіндірмек. Ал жазғы демалысқа қатысты ой қақ жарылды. Бірі шетелге аттанса, енді бірі отандық туризмді дамытуға ат салыспақ. Арқаны кеңге жайып, жайлы демалатын жер - «Алакөл»,-дейді депутаттардың кейбірі.
«Халыққа ақыл айтқаннан кейін өзіміздің елімізде жүргеніміз дұрыс сияқты мен үшін. Алакөлге бардық. 2 жұмадай Алакөлде болдым. Ол бар. Алакөлдің мына бүгінгі шығарып жатқан мәселелерінің бәрін сонда өз көзімізбен көріп келдік»,-деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Майра АЙСИНА.
Назым Мәлікқызы, "Алматы" телеарнасы