Қазақстан шикізаттық емес тауар экспортын 22 пайызға өсірді

Қазақстан шикізаттық емес тауар экспортын 22 пайызға өсірді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан шикізаттық емес тауар экспортын 22 пайызға өсірді. Бұл туралы 2017 жылғы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылаған Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Бекешев мәлімдеді. Ведомство өкілі былтыр Еліміздің сыртқы сауда айналымында да 25,1 пайыз деңгейінде өсім болғандығын айтты. Бұл 69 жарым миллиард АҚШ долларын құрайды. 

«Қазақстан экспортының жалпы көлемі 31,6 пайызға өсті және 43,1 млрд АҚШ долларын құрады. Шикізаттық емес тауарлардың үлесі айтарлықтай ұлғайды, бұл көрсеткіш бойынша өсім 22,1 пайызға жетті. Қазақстан 14 млрд АҚШ долларынан астам сомаға  шикізатсыз өнімді экспорттады», - деді ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан БЕКЕШЕВ.

Министрлік өкілдері Қазақстандағы дағдарыс жайына да тоқталды. Вице-министрдің бірінші орынбасары «отандастарымыз экономикалық тұрғыда ештеңеге алаңдамаса болады», - деді.

«Бюджет, салық заңнамасына түзетулер және бірқатар мемлекеттік бағдарламалар қолға алынуда. Олардың нәтижесінде жалпы ішкі өнімнің өсімі 4 пайызға артты. Ол әлем экономикасының өсімінен және көрші елдердің өсімінен жоғары. Яғни, қазіргі таңда экономикалық дағдарыс жоқ», - деді ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан ДӘЛЕНОВ.


Новости партнеров