|
24.05.2018 | 10:50
1096

Қазақстандықтар жеке мәліметтеріне қолжетімділікті бұғаттай алады

Қазақстандықтар жеке мәліметтеріне қолжетімділікті бұғаттай алады

Қазақстандықтар электрондық үкімет порталында жеке мәліметтеріне қолжетімділікті бұғаттай алады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының  өкілдері мәлімдеді. Мамандардың айтуынша, аталмыш функция арқылы порталдың әрбір қолданушысына өзі туралы ақпаратқа қолжетімділікті қосу немесе жауып тастауға мүмкіндік пайда болады. Бір ғана айта кетерлігі, тыйым салу функциясын тек жеке кабинеті барлар ғана жасай алады.

«Жеке мәліметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін біз азаматтар өзі туралы жеке ақпаратты толықтай бақылай алатын жоба жасадық. Басқаша айтқанда, тіпті, Халыққа қызмет көрсету орталық қызметкері де жеке мәліметтерді көре алмайды, операторлар қандай бір жеке адамға қатысты ақпаратқа қол жеткізу үшін азаматтардың СМС рұқсатын алуы тиіс», - деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация басшысы Абылайхан ОСПАНОВ.

Естеріңізде болса, өткен жылы Алматыдағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірінде қызметкер азаматшаның жеке мәліметін екінші деңгейлі банк пен бағалау компаниясына рұқсатсыз бергені анықталған еді. Әшкере болған жағдай қоғам наразылығын тудырып, қызу талқыға түскен болатын.  


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир