Қазақстанның бірқатар өңірлерінде жылу тарифі қымбаттайды

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде жылу тарифі қымбаттайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Зарина Ботбаева 2018 жылы қай өңірлерде жылу беруге тарифтер өзгергенін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жылумен қамтамасыз ету бойынша 2015 жылы бекітілген тарифтердің шекті деңгейлері аясында 2018 жылы халыққа арналған тарифтер 4 аймақта өзгеріссіз қалды: Ақмола, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында және Шымкент қаласында», - деді З. Ботбаева «ҚазАқпарат» агенттігіне берген жауабында.

Оның сөзіне қарағанда, биыл 2 өңірде тарифтер төмендетілген. Алматы облысында «Талдықорғантеплосервис», ал Шығыс Қазақстан облысында Семей қаласындағы «Теплокоммунэнерго» МКК  тарапынан тарифтер арзандады.

Халыққа арналған тариф 11 өңірде өсті (ҚҚС-сыз): Астана: «Астанаэнергосбыт» ЖШС (ЕҚ-мен 2 219,15 теңге/Гкалдан  2 360,16 теңге/Гкал-ға, өсім 0,02%);

Алматы: «Алматы жылу желілері» (ЕҚ-мен 4 919,30 теңге/Гкал-дан  5 327,78 теңге/Гкал-ға, өсім 8,3%, ЕҚ-сыз 6 709,84 теңге/Гкал-дан  7 267,00 теңге/Гкал-ға, өсім 8,3%);

Ақтөбе облысы: «Трансэнерго» АҚ (ЕҚ-мен  2 280,40 теңге/Гкал-дан  2 504,87 теңге/Гкал-ға, өсім 9,8%, ЕҚ-сыз  3 420,60 теңге/Гкал-дан  3 757,30 теңге/Гкал-ға, өсім 9,8%);

Атырау облысы:  «Атырау ЖЭЦ» АҚ (ЕҚ-мен 3 752,97 теңге/Гкал-дан  4 181,64 теңге/Гкал-ға, өсім 11,4%, ЕҚ-сыз 5 269,48 теңге/Гкал-дан 5 343,52 теңге/Гкал-ға, өсім 1,4%);

Шығыс-Қазақстан облысы: Өскемен қаласында «Өскемен жылу желілері» АҚ (ЕҚ-сыз 3 425,80 теңге/Гкал-дан  3 749,69 теңгеге/Гкал-ға, өсім 9,5%);

Жамбыл облысы, «Таразэнергоцентр» АҚ (ЕҚ-мен 1 670,06 теңге/Гкал-дан 1 694,33 теңге/Гкал-ға, өсім 1,5%, ЕҚ-сыз 3 634,37 теңге/Гкал-дан  3 687,19 теңге/Гкал-ға, өсім 1,5%);

Батыс Қазақстан облысы: «Жайықтеплоэнерго» АҚ (3 983,04 теңге/Гкал-дан  4 034,93 теңге/Гкал-ға, өсім 1,3%);

Қарағанды облысы: Қарағанды қаласында «ҚарағандыЖылуСбыт» (2 914,39 тенге/Гкал-дан 3 053,12 тенге/Гкал-ға, өсім 4,8%);

Жезқазған қаласы  «Жылумен жабдықтау кәсіпорны» АҚ (ЕҚ-мен 2 677,08 теңге/Гкал-дан  2 784,17 теңге/Гкал-ға, өсім 4,0%, ЕҚ-сыз 3 212,50 теңге/Гкал-дан  3 341,00 теңге/Гкал-ға, өсім 4,0%);

Қостанай облысы:  «Костанайская ТЭК» МКК (ЕҚ-мен 4 490,36 теңге/Гкал-дан  4 526,77 теңге/Гкал-ға, өсім 0,8%, ЕҚ-сыз 5 606,81 теңге/Гкал-дан  5 614,66 теңге/Гкал-ға, өсім 0,1%);

Павлодар облысы: «Павлодарэнергосбыт» ЖШС (ЖЖҚ ЕҚ-мен 1 492,30 теңге/Гкал-дан  1 897,37 теңге/Гкал-ға, өсім 27,1%, ЕҚ-сыз 2 549,98 теңге/Гкал-дан  2 769,66 теңге/Гкал-ға, өсім 8,6%; ОЖП ЕҚ-мен 1 075,38 теңге/Гкал-дан 1 168,02 теңге/Гкал-ға, өсім 8,6%, ЕҚ-сыз 2 234,32 теңге/Гкал-дан  2 468,29 теңге/Гкал-ға, өсім 10,5%);

Солтүстік Қазақстан облысы: «Севказэнергосбыт» ЖШС (ЕҚ-мен 2 829,60 теңге/Гкал-дан  3 068,46 теңге/Гкал-ға, өсім 8,4%, ЕҚ-сыз  3 640,96 теңге/Гкал-дан 3 823,00 теңге/Гкал-ға, өсім 5,0%).

Осылайша, ең төмен өсім Астана қаласында, ең жоғары өсім Павлодар облысында  байқалады.  

Новости партнеров