Студенттер қазақтың тарихы мен мәдениетіне жақындай түспек. Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясында «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі ашылды.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ашылған бұл кеңсеге 13 клубтың жұмысы біріктірілген. Оның ішінде ағылшын тіліне арналған, қазақ тарихынан сыр шертетін және шешендік өнерге баулитын дебат сынды үйірмелер бар. Жастар тек білім алып қана қоймай, ең алдымен, Отанын сүйетін, адамгершілік, мейірім сынды қасиеттерге бай болуы керек. Сондықтан рухани жаңғырудың мәні зор,- дейді ұстаздар.
«Кеңсенің ашылу мақсаты- студенттер тек біліммен шектелмей, өздеріне қызықты клубтарға қатысулары керек. Бұл ең алдымен балалардың ел тарихымен танысып, рухани сусындауына үлес қосады», - деді ҚазБСҚА профессоры Қымбат СҮЛЕЙМЕНОВА.