ҚазМУ-да мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті

ҚазМУ-да мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті. «Азаматтарға арналған үкімет» корпорацияның мамандары  мемлекеттік қызмет алу жолдарын кезең-кезеңмен көрсете отырып, студенттерге кез келген уақытта компьютер, планшет, сондай-ақ ұялы телефон арқылы оңай қызмет алу жолдарын түсіндірді. Жастар электрондық цифрлық қолтаңба алу арқылы мекен- жай анықтамасын, дәрігер шақыру  сынды сервистерді қарапайым әрі қолжетімді алу жолдарын үйренді. Елбасы жолдауындағы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шараға 5000-ға жуық адам қатысты. Және осындай жәрмеңкелерді қаланың өзге де 38 жоғары оқу орнында өткізу жоспарланып отыр.

«Студенттерге, оқытушыларға электрондық форматты түрде мемлекеттік қызметтерді алудың тәртібін  және электрондық цифрлік қолтаңбаның пайдалана отырып, электрондық қызметтерді алу, осы шараларды жүргізу арқылы элетрондық көрсететін қызметтердің үлесін көбейту болып отыр біздің мақсатымыз», - деді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алматы қаласы бойынша департаментінің бас маманы Гүлжан САБЫРОВА.


Новости партнеров