Демалыс күндері еліміз бойынша 20 адам суға кеткен

Демалыс күндері еліміз бойынша 20 адам суға кеткен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда демалыс күндері 20 адам суға батып кетті. Қайғылы оқиғаның тізімін Шығыс Қазақстан облысы бастап тұр. Аймақта сенбі мен жексенбіде бірден бес адам суға кеткен. Мерт болғандардың көбі рұқсат етілмеген жерде шомылған.

Шілденің 7-сі мен 8-і аралығында Шығыс Қазақстанда- 5 адам, Қызылорда, Қарағанды облыстарында - 3, Ақмола, Солтүстік Қазақстанда - 2, Алматы, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстары мен Алматы қаласында 1 ада, жэалпы саны 20 адам суға кетіп көз жұмды.  Олардың көбісі жабайы, құтқару құралы қарастырылмаған, ыңғайсыз орындарда шомылған. 

«Су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет, белгіленбеген жерде шомылуға болмайды.Төтенше жағдайлар комитеті кезекті рет ескертеді. Өкініштісі, азаматтар жиі жағдайда құтқарушылардың айтқандарына құлақ аспайды. Мәселен, Қостанай қаласында сенбі күні құтқарушылар рейд өткізіп, азаматтарды белгіленбеген жерде суға түсу қауіпті екенін ескерткен. Бірақ оған қарамастан, бір топ азамат суға түседі. Олар батып бара жатқанда, жас жігіт құтақарам деп, өзі де суға кеткен», - деп мәлімдеді ҚР ІІМ ТЖК төрағасы Владимир БЕККЕР.

Ал Астана маңында да суға түсетін жерлер көп. Рұқсат етілмегеніне қарамастан демалушылар ескертуге құлақ аспайтын көрінеді. Сондықтан жаз басталғалы құтқарушылардың жұмысында маза жоқ.

Астанада соңғы аптада термометр бағандары 30+ көрсетіп тұр. Сондықтан ауа-райының қолайсыздығынан, суға шомылу үшін жағалауға асыққандар көбейген. Оның үстіне, мерекелік күндері ащы суға сылқия тойып, отбасын қарамайтындар көбейген. Салдарынан соңғы екі күнде 3 бала су құрбаны болдыү. Екеуі бір үйдің балалары. Жалпы, суға түсу маусымы басталғалы Астанада 8 адам суға кеткен. Олардың бесеуі - кәмелет жасқа жетпегендер.  

«Сегіз қайғылы оқиғаның бесеуінде 9-12 жас аралығындағы балалар суға кетті. Суға кеткен адамдардың басым бөлігі 25 пен 40 жас аралығындағы азаматтар. Бұл ойланатын жайт. Ең бірінші қиындық - ата-аналардың балаларын қараусыз қалдыруы. Біздің тараптан айтылды, ескертілді, барлық әлеуметтік желілерде ескертулер бердік. Өкінішке орай біреулері оқыса, екіншісі елемей соның салдарынан қайғылы жағдайға душар болады», - деді Астана қаласы ТЖД бөлім басшысы Елдор РАЙЫМБЕКОВ.

Адам жанына араша болатындар суға батқан адамды 5 минуттың ішінде құтқару мүмкін дейді. Сондай-ақ мамандар азаматтардан оқыс оқиғағаның куәгері бола тұра, құтқара алмайтынын білсе, ойламсыз әрекетке бармай, дабыл қағуларын сұрайды. Айта кеткен жөн ел аумағында 50 мыңнан астам су қоймасы бар болса, олардың тек 100-ге жуығында ғана құтқарушылар жұмыс істейді.

Нұржан Сәдірбай. Ерсұлтан Көзбағаров. «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров