Жапониядағы су тасқыны: толассыз жауыннан 100 адам қаза тапты

Жапониядағы су тасқыны: толассыз жауыннан 100 адам қаза тапты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жапонияның батыс бөлігінде толассыз жауған жауын-шашыннан су тасқыны мен көшкін орын алып, салдарынан кем дегенде 100 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC агенттігіне сілтеме жасап.

The Japan Times басылымының хабарлауынша, тағы 50 адам із-түзсіз жоғалып кеткен.

Бейсенбіден бастап Жапонияның батыс бөлігінде шілде айындағы қалыпты жауын-шашын көлемінен үш есе көп жаңбыр жауған. Өзеннің арнасынан шығып, тасуына байланысты екі миллион адам қауіпсіз жерге көшуге мәжбүр болды.

«Біз бұрын-соңды мұндай жаңбырды көрген жоқпыз», - деп мәлімдеді Жапония метеоқызметі.

Құтқарушылар дүйсенбі күні таңертең болған лай көшкінінен аман қалғандарды және қаза тапқандардың денелерін іздестіріп жатыр.

Окаяма префектурасының ресми өкілі мәлім еткендей, судың деңгейі ақырын төмендеп жатыр.

Қаза тапқандардың көбі Хиросима префектурасында тіркелген. Премьер-министр Синдзо Абэ жексенбі күні құтқарушылардың «тәулік бойы жұмыс істеп жатқанын» хабарлады. «Із-түзсіз жоғалған адамдар көп, басқаларға көмек көрсету қажет», – деді ол журналистерге.


Новости партнеров