Келісімшарт бойынша әскери қызметке 18 жастан бастап орналасуға болады

Келісімшарт бойынша әскери қызметке 18 жастан бастап орналасуға болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Енді келісімшарт бойынша әскери қызметке 18 жастан бастап кірісуге болады. Бұл туралы қорғаныс министрлігінің өкілдері мәлімдеді. Олардың айтуынша, жұмысқа қабылдау шарты біраз өзгерген. Мысалы, бұрындары келісім бойынша 42 жасқа дейін қабылданса, қазір тек 32 жасқа дейінгілер еңбек етуге құқылы. Сонымен қатар, министрліктегілер еліміздің әскери күшінде сарбаздар жеткілікті деді.

«Бұрында біз келісімшарт бойынша әскери қызметке 42 жасқа дейінгілерді шақырсақ, қазір тек 32 жасқа дейін қабылдаймыз. Сонымен қатар, бұдан алдын аталмыш қызметке 19 жастан кіші, 40 жас пен 42 жастан үлкен болмауы шартты еді. Қазір біз оны да өзгерттік. Енді жасы 18-ден асқан үміткерлерге жұмысқа тұруға мүмкіндік бар»,- деді ҚР Қорғаныс министрлігі кадрлар департаментінің бастығы, Қайрат КӨПБАЕВ.



Новости партнеров