Халық әртісі Сұлтан Байсұлтановқа мемориалды тақта қойылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Қазақстан және Шешен Республикасының халық әртісі Сұлтан Байсұлтановтың тұрған үйіне мемориалды тақта орнатылып, көше аты берілді. Ол - Абай атындағы опера және балет театрында 33 жыл еңбек етіп, ең талантты солистердің бірі болған. Қызылорда облысының тумасы Сұлтан Магамедұлы  Ленинград мемлекеттік консерваториясын тәмамдап, еңбек жолын Грозный қаласында бастаған. 1979 жылдан бастап Алматыдағы опера және балет театрына келген. Оның тамаша дауысы, дара тұлғасы мен жарқын бейнесі мәңгі есте қалады- дейді жиналғандар.

«Әр салада қызмет еткен тұлғаларға, солардың еңбегін ескеру мақсатында қала әкімінің қаулысы негізінде бірнеше мемориалды тақтаны орнату бойынша қаулы қабылданған болатын. Бұл кісі біздің тұңғыш опера және балет театрында бірнеше жыл еңбек етіп, қазақ мәдениетінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан тарихи тұлғалардың бірі десек болады»,-деді Алматы қаласы мәдениет және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Данияр ӘЛИЕВ.


Новости партнеров