Бұдан-былай саусақ іздері арқылы мемлекеттік қызмет түрлерін алуға болады. Арнайы құрылғы Халыққа қызмет көрсету орталықтарына орнатылмақ.
Бұл жайында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік коорпорациясының төрағасы Абылайхан Оспанов мәлімдеді. Пилоттық жоба осы айдан кешікпей іске қосылады. Бастысы, бұл мемлекеттік базаның қауіпсіздігі қатаң бақылауда болады.
«Бұл биометриалық қызмет бойынша, азаматтардың екі параметрі есепке алынады. Бұл саусақ іздері және адамның суреті сканерленіп, мобильді және электронды үкімет порталы арқылы авторизация жасауға болады. Үйде отырып та жасауға болады. Бұл әркімнің өз қалауы бойынша. Ешкімді күштеп, саусақ ізін алмайды. Бұл ерікті түрде болатын қызмет», - деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы қаласы бойынша филиалының пиар-менеджері Жаңыл Әпетова.