Қазақ киноиндустриясы жаңа форматқа көшеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақ киноиндустриясы жаңа форматқа көшеді. Қытайдың Бейжің қаласында өткен кинофестивальде еліміздің делегеттары заманауи технологиялармен танысып қайтты. Биыл соңғы үлгідегі СиДжиЭс форматымен еліміздегі барлық кинотеатрлар жабдықталмақ. Аталмыш бағдарлама сандық телевизиядан лазерлі технологияға ауысуға жол ашпақ.

Қытайдың Бейжің қаласында 7-ші Халықаралық кинофестиваль ашылды. Шара  аясында отандық бизнес-делегация өкілдері Қытайдың бірегей мемлекеттік компаниясымен киноиндустрияға байланысты ірі келісімшарттарға қол қойды. Келісімшарт елімізде лазерлі кино жобаларды енгізуге жол ашпақ.

«Бұл технологияға шетелдік ірі компаниялардың қызығушылығы артып отыр. Соның ішінде Қазақ елімен біз жоғары сападағы аудиовизуалды бағдарламаны енгізу үшін келісімшартқа отырдық. Қазақстанның киноиндустриясы үшін Бейжіңде жақсы мүмкіндіктер жасалуда. Мәселен биыл өтетін ЭКСПО-2017 көрмесінде біздің заманауи технологияларымызбен қатар, жасыл экономиканы дамыту бойынша берік серіктестік орнатамыз», - деді «China Film» өкілі Лин МИНЖИЕ.

Аталмыш формат арқылы түрлі экономикалық шығындарды үнемдеуге болады. Мәселен, бұл бағдарлама бір уақытта бірнеше залдағы циклді бақылай алады. Яғни кинокөрсетілімді халыққа ұсынарда ешқандай инженер-оператордың қажеті болмайды.  Сондай-ақ аудиовизуалды жағынан да сапасы сын көтереді. Шетелде бұл технология кинематографияның соңғы үлгісі саналады. Ал ТМД елдерінен бұл лазерлік әдісті енгізетіндер арасында Қазақстан алғашқылардың бірі болмақ.

«Қазір, әсіресе, жастар арасында кеңінен тараған Аймакс (imax) форматына ұқсайды. Бірақ бұл технология кеңінен дамыған, түрлі функциясы бар және ең бастысы көп шығынға салмайды. Біз бағдарламаның басты өндірушісі Қытай елімен алғашқы келісімшартқа отырдық», - деді «Қазақфильм» АҚ директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры Есетжан ҚОСЫБАЕВ.

Соңғы үлгідегі СиДжиЭс форматымен еліміздегі барлық кинотеатрлар жабдықталады. Алдымен бастамасы ретінде Алматы қаласында пилоттық жоба сыналып, әрі қарай Астана, Тараз, Атырау сияқты қалаларға енгізілмек.


Новости партнеров