Атақты қытайлық трэвел-блогерлер Алматыға келді

Атақты қытайлық трэвел-блогерлер Алматыға келді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Миллиондаған оқырманы бар атақты қытайлық трэвел-блогерлер Алматыға келді. «Kazakh tourism» ұйымдастырған блог сапары аясында Бейжің және Гуанчжоулық блогерлер Бурабай курорты мен Астана, Алматы қалаларының ең әсем жерлерінде болды. Шетелдік қонақтар Wechat, Weibo және Baidu сияқты әлеуметтік желілерде жұмыс істеу мен қызықты контент жасау құпияларымен бөлісті. Блогерлердің айтуынша, оларға біздің елдің қонақжайлылығы, әсем табиғаты, өзгеше мәдениеті мен ұлттық құндылықтары қатты ұнаған. Айта кетейін, бұл блог турдың мақсаты- Қазақстанның туристік әлеуетін қытайлық оқырманға таныстыру және туристерді тарту. Себебі, Қытай- көп саяхаттайтын елдердің ішінде көшбасшылардың бірі. Ал біздің елге келген 4 блогердің өзінде 145 миллиондай оқырман бар.

«Маған Қазақстанда қатты ұнағаны «Шымбұлақ» тау шаңғы курорты болды. Табиғаты сондай тамаша әрі біз жақта күн жылы болғандықтан қарды көру бізге өте қызық. Мен өзім 50-ден астам елде болдым. Салыстырмалы түрде айтсам, Қазақстандағы бағалар өте арзан. Қытайда Қазақ елі туралы көбісі біле бермейді, енді біз насихаттайтын боламыз. Қазақстан Қытаймен шекаралас болғандықтан қыйтайлық туристерге қызықты деп ойлаймын», - деді блогер Цай Вей ХУАН (ҚХР).


Новости партнеров