Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінде менингитке қатысты жағдайды түсіндірді

Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінде менингитке қатысты жағдайды түсіндірді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Денсаулық сақтау министрі менингококк дертінің негізінен Алматыда таралып отырғанын да айтып өтті. Мамандар бұл дерт екі-үш жыл сайын қайталанып отырады дегенді айтады. Неге бұл дерт биыл Алматыда дендеп кетті? Өткен жылдары осы аурумен тіркелген адам болды ма? Осы сұрақтарға жауап алу үшін біз қазір Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы Анель Мұсаевамен тікелей байланысқа шықпақпыз. Анель Берікбайқызы, қайырлы кеш! Алматыда менингококк инфекциясы соңғы рет қашан тіркеліп еді?

«Кеш жарық! Алматы қаласында 2016 жылы 16 жағдай менингококк инфекциясы тіркелді. 2017 жылы менингококты инфекция тіркелмеген. Биыл 2018 жылы бүгінгі таңда 32 жағдай боп тіркелген. Оның ішінде 27-сінде зертханалық зерттеулермен расталып, диагнозы қойылған. 5 адамға клиникалық симптомдары арқылы диагноз қойылған. Және де Алматы қаласында 6 адам қайтыс болған. Оның ішінде 3 үлкен адам, бір студент, 2 жасөспірім балалар. Менингококты инфекция ол біздің сәуір айының ортасынан басталды, бүгінгі таңда әлі тіркеліп жатыр. Оған мерзімді деген сипаттама береміз»,-деді Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы Анель МҰСАЕВА.

Ал, бұл дерт қаншалықты қауіпті және қандай жолдармен жұғады?

«Менингококты инфекция ол сау жүрген адамнан дейміз ауа тамшыларымен жұғады. Ол жөтелгенде, түшкіргенде немесе жақын қарым-қатынаста сөйлескенде жұғады. Дереу медициналық мекемелерге бару керек. Өте тез уақытта ғана қауіпті формасы басталып кеткенде ғана барғаннан қайтыс болған. Және де бұл жаңағы тасымалдаушылар немесе ауру адамдардан жұғатын инфекция. Сау болып жүріп бас аурудан бастайды, дененің қызуы, 6-11 сағатта денеге неше түрлі бөртпелер шығып, құсқысы келіп, тамаққа тәбеті болмайды, денесінің түсі өзгереді. Сондай белгілері қатерлі болады»,-деді Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы Анель МҰСАЕВА.

Соңғы күндердегі жағдайлардан соң қазір халық, әсіресе, алматылықтар өте алаңдаулы. Қарапайым халық қалай сақтанса болады, қандай кеңес бересіз?

«Бүгінгі таңда әр адамның денсаулығы өз қолында. Сондықтан үлкен сауда орталық мекемелерін, спорттық кешендерде, бассейндерге, жабық бөлмелерде өткізілетін неше түрлі сабақтарға бармау керек. Өзі ауырып тұрған жағдайда түшкіру немесе тамақтың қышуы басталса басқаларға жұқтырмас үшін маска киіп жүру керек. Үйде терезелерді ашып және де дизинфекциялау керек. Көшеден келгенде қолды дұрыстап тазалап, жеке бас гигиенасын сақтау керек»,-деді Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы Анель МҰСАЕВА.

Рақмет! Бізбен тікелей байланысқа шығып, сұрақтарымызға жауап берген Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы Анель Мұсаева болатын.


Новости партнеров